23 мамырдан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ2C00003317 (CCBNb27) облигациялары олардың жойылуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
23.05.25 15:38
/KASE, 23.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
23 мамырынан бастап "Банк ЦентрКредит"АҚ (Алматы) KZ2C00003317
облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, CCBNb27;
100 теңге, 10,0 млрд теңге; 22.09.15 – 22.09.25; жартыжылдық купон,
жылдық 9,00%; 30/360) олардың күшін жоюға байланысты KASE ресми
тізімінен алынып тасталғанын хабарлайды.
Көрсетілген облигациялар 2015 жылдың 29 маусымынан бастап "Өзге
борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді,
2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының
"облигациялар" санатында болады. Олармен сауда-саттық 2015 жылдың
28 қыркүйегінен бастап ашылды.
[2025-05-23]