/KASE, 23.05.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 22 мамырында "Шоқан
Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп" ЖШС (Алматы) KZ2P00013881
(SWPSb1; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық
21,00 %; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар"
санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 23 мамырынан бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/SWPSb1
[2025-05-23]