/KASE, 23.05.25/ – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері –
KMGZ) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы — "ҚазМұнайГаз" ұлттық
компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі — "ҚМГ", "Компания"),
халықаралық қаржы есептілік стандарттарына (ХҚЕС) 34 "Аралық қаржы
есептілігі", тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратты шолу
тексеруінің нәтижелері бойынша есебіне сәйкес жасалған 2025 жылғы
31 наурызда аяқталған үш ай үшін аралық қысқартылған шоғырландырылған
қаржы есептілігін жариялайды.
2025* жылдың бірінші тоқсаны үшін негізгі қаржы көрсеткіштері 2024
жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда:
- Түсім 2 227 млрд теңгемен (4 948 млн АҚШ долл.) салыстырғанда
2 241 млрд теңгені (4 394 млн АҚШ долл.) құрады;
- EBITDA көрсеткіші 549 млрд теңгемен (1 219 млн АҚШ долл.)
салыстырғанда 582 млрд теңгені (1 142 млн АҚШ долл.) құрады;
- Бірлескен бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы
пайда үлесін ескере отырып, Компанияның таза пайдасы 300 млрд
теңгемен (667 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 193 млрд теңгені (377 млн
АҚШ долл.) құрайды.
- Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы**
пайда үлесіне түзетілген таза пайда2 201 млрд теңгемен (446 млн АҚШ
долл.) салыстырғанда 164 млрд теңгені (321 млн АҚШ долл.) құрады;
- Бос ақша ағыны 144 млрд теңгемен (320 млн АҚШ долл.) салыстырғанда
283 млрд теңгені (555 млн АҚШ долл.) құрады;
- 2024 жылғы 31 желтоқсандағы 3 967 млрд теңге (7 555 млн АҚШ долл.)
мөлшеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда 2025 жылғы 31 наурыздағы
жалпы берешек 3 932 млрд теңгені (7 795 млн АҚШ долл.) құрады;
- 2024 жылғы 31 желтоқсандағы 1 163 млрд теңге (2 214 млн АҚШ долл.)
деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда Компанияның 2025 жылғы
31 наурыздағы таза берешегі 933 млрд теңгені (1 850 млн АҚШ долл.)
құрады.
* Сомалар ыңғайлы болу үшін тиісті кезеңдегі орта айырбастау бағамы
бойынша АҚШ долларымен көрсетілген (2025 жылдың 1- тоқсаны және 2024
жылдың 1-тоқсаны үшін орташа бағам 510,05 және 454,82 теңге/ АҚШ долл.
құрайды, тиісінше; кезең соңына бағамы – 2025 жылғы 31 наурыздағы және
2024 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 504,44 және 525,11 тиісінше
525,11 теңге/АҚШ долл. құрайды).
** Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы
пайда үлесіне түзетілген таза пайда = Таза пайда плюс бірлескен
кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер минус
бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы
пайдасы үлесі.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_230525_kz.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_230525_1.pdf
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_230525_en.pdf
[2025-05-23]