/KASE, 26.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
27 мамырында KASE сауда-саттық жүйесінде жергілікті атқарушы
органдардың мынадай облигацияларын орналастыру бойынша
мамандандырылған сауда-саттық өтетінін хабарлайды:
1) Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002145
("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, AIK024_214; 1 000 теңге,
5 790 410 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 0,35
%;30/360) 2 895 205 данасы;
2) Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002178
("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, PVK024_217; 1 000 теңге,
1 589 546 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %;
30/360) 1 589 546 данасы;
3) Шығыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының
KZMJ00002186 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, VKK024_218;
1 000 теңге, 6 861 546 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық
0,35 %; 30/360) 4 431 560 данасы.
Өтінімдерді қабылдау Астана қ.уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін,
есептеулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін
жүзеге асырылады.
Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен
үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда)
көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе
еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.
Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген
шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:
бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау
уақыты бойынша.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш
бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша
жарияланған
https://kase.kz/ru/membership
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы
ішкі нарықта айналымға жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері
мына сілтеме бойынша жарияланған
https://kase.kz/files/mix/post_1520.pdf
Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида
мына сілтеме бойынша жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланған
https://kase.kz/ru/markets/government-securities
[2025-05-26]