"First Heartland Jusan Invest" АҚ жалғыз акционері жай акциялар бойынша 2019-2021, 2023 және 2024 жылдарға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

26.05.25 11:25
/KASE, 26.05.25/ – "First Heartland Jusan Invest" АҚ (KASE тикері – FHJI) жалғыз акционердің 2025 жылдың 13 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады. Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады: - қоғамның 2024 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін; - 6 219 705 855,13 теңге 2024 жылға дивидендтер төлеуге бағытталсын; - 2 067 048 972,65 теңге 2023 жылға дивидендтер төлеуге бағытталсын; - 916 584 217,78 теңге 2021 жылға дивидендтер төлеуге бағытталсын; - 541 350 000,00 теңге 2020 жылға дивидендтер төлеуге бағытталсын; - 255 390 000,00 теңге 2019 жылға дивидендтер төлеуге бағытталсын. Осы ақпраат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/FHJI/fhji_decision_sole_130525_322.pdf [2025-05-26]