/KASE, 23.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2025 жылдың 23 мамырынан бастап KASE ресми тізімінің
"Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына жергілікті атқарушы органдардың
мынадай облигациялары енгізілді:
1) Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002145 (1 000
теңге, 5 790 410 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %;
30/360), сауда-саттық коды – AIK024_214;
2) Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002178
(1 000 теңге, 1 589 546 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық
0,35 %; 30/360), сауда-саттық коды – PVK024_217;
3) Шығыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының
KZMJ00002186 (1 000 теңге, 6 861 546 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық
купон, жылдық 0,35 %; 30/360), сауда-саттық коды – VKK024_218.
Аталған облигациялар мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске
асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында
шығарылды.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/gsecs/
[2025-05-23]