26 мамырда Қазақстан қор биржасында "Қазақтелеком" АҚ-ның KZ0009094645 (KZTKр) артықшылықты акцияларының бағасының 52,71 %-ға төмендеуіне байланысты сауда-саттығын тоқтатты
26.05.25 12:42
/KASE, 26.05.25/ – Бүгін Астана қ. уақытымен сағат 11:30-да Қазақстан қор
биржасы (KASE) "Қазақтелеком" АҚ-ның артықшылықты KZ0009094645
(KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KZTKp) акциялары бойынша сауда-
саттықты олардың бағасының 52,71 % - ға төмендеуіне байланысты
тоқтатты.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері"
(Ережелер) атты ішкі құжатының 25 бабы 2 тармағының 1) тармақшасына
(қағидаларына) сәйкес тоқтатылды, оған сәйкес KASE "Премиум"
санатындағы KASE ресми тізіміндегі акциялардың мұндай құлдыраудың
алдындағы сауда-саттық күні бағасы жабылу сәтінде қалыптасқан бағаға
қатысты 30 және одан да көп пайызға төмендеген кезде сауда-саттықты
тоқтата тұрады. Бұл ретте, сауда-саттықты тоқтата тұру KASE сауда-саттық
жүйесінде сауда-саттықтың негізгі тәртіптемелерінде автоматты түрде
жүзеге асырылады.
Аталған акциялармен сауда-саттықты қайта бастау туралы шешім
Ережелердің 25 бабы 7 тармағының негізінде қабылданатын болады.
2025 жылдың 23 мамырында жасалған KZTKp-мен жасалған соңғы
орындалған мәміленің бағасы бір акция үшін 50 330,00 теңгені құрады.
2025 жылдың 26 мамырында KZTKp бір акциясы үшін 23 800,00 теңге
бағамен мәміле жасалғаннан кейін олармен сауда-саттық тоқтатылды.
[2025-05-26]