/KASE, 27.05.25/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп
хабарлады:
дәйексөздің басы
27 мамыр 2025 жыл
Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбырының ұлттық
операторы "ҚазТрансОйл" АҚ және "ҚазТрансОйл" АҚ (51%) және CNPC
Exploration and Development Company Ltd (49%) бірлескен кәсіпорны
"МұнайТас" СБҚК» ЖШС Қазақстан Республикасының ішкі нарығына
мұнайды "Кеңқияқ-Атырау" магистральдық құбыры арқылы тасымалдаудың
реттеліп көрсетілетін қызметіне жаңа тарифтің бекітілгені туралы
хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи
монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша
департаментінің 2025 жылғы 23 мамырдағы № 40-НҚ бұйрығына сәйкес
тариф:
- 01.07.2025 жылдан 30.06.2026 жылға дейін — 1000 км-ге 1 тонна үшін
11 193 теңге (ҚҚС-сыз);
- 01.07.2026 жылдан бастап 30.06.2027 жылға дейін — 1000 км-ге 1 тонна
үшін 11 233 теңге (ҚҚС-сыз);
- 01.07.2027 жылдан 30.06.2028 жылға дейін — 1000 км-ге 1 тонна үшін
11 259 теңге (ҚҚС-сыз);
- 01.07.2028 жылдан 30.06.2029 жылға дейін — 1000 км-ге 1 тонна үшін
11 286 теңге (ҚҚС-сыз);
- 01.07.2029 жылдан 30.06.2030 жылға дейін — 1000 км-ге 1 тонна үшін
11 293 теңге (ҚҚС-сыз).
Тариф 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап бес жыл мерзімге күшіне енеді
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_270525_kz.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_270525_1.pdf
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_270525_en.pdf
[2025-05-27]