28 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында "Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп" ЖШС KZ2P00013881 (SWPSb1) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

27.05.25 14:56
/KASE, 27.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 28 мамырынан бастап "Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп" ЖШС (Алматы) KZ2P00013881 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, SWPSb1; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/SWPSb1 [2025-05-27]