/KASE, 27.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
28 мамырынан бастап "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС
(Алматы) KZ2P00014152 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық
облигациялар" санаты, CLSGb6; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 120 күн; купон
айналым мерзімінің соңында бір рет, жылдық 21,00%; 30/360)
облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес"
бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу
валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/CLSGb6
[2025-05-27]