/KASE, 27.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 27 мамырында
KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕККАМ) орналастыру
бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттықтың екі сессиясының
(орналастыру және қосымша орналастыру бойынша) төменде келтірілген
шарттарда (Астана қ. уақыты) өткенін хабарлайды.
---------------------------------------------------------------------------
ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:
--------------------------------------------- -----------------------------
Сауда-саттық күні: 27.05.25
Өтеуге дейін мерзімі: 353 күн
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 30 000,0
Сауда-саттық мәні: "таза" баға
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру нарықтық сұранысқа қарай
дәрежесі,%: 0-ден 100-ге дейін
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:00–12:00
Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–12:00
Кесімдеу күні және уақыты: 27.05.25, 15:00
Төлеу күні: 29.05.25
Қарсылама шектелімді өтінімдерді қарсылама өтінімдердің
қанағатандыру тәсілі: көлеміне пропорционалды
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: кесімдеу бағасына тең немесе
сатушы үшін ұтымдырақ болатын
қарсылама шектелімді
өтінімдердің бағасы бойынша
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: орташа сараланған баға
бойынша
---------------------------------------------------------------------------
Астана қ. уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде
төменде көрсетілген шарттарда көрсетілген облигацияларды қосымша
орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.
ҚОСЫМША ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:
--------------------------------------------- -----------------------------
Сауда-саттық күні: 27.05.25
Өтеуге дейін мерзімі: 353 күн
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 40 000,0
Сауда-саттық мәні: "таза" баға
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру 0
дәрежесі,%:
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 15:30–16:00
Өтінімдерді растау уақыты: 15:30–16:00
Кесімдеу уақыты: 17:00 дейін (Т+0)
Төлеу күні және уақыты: 29.05.25
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: кесімдеу бағасына тең немесе
сатушы үшін ұтымдырақ болатын
қарсылама шектелімді
өтінімдердің бағасы бойынша
---------------------------------------------------------------------------
ОРНАЛАСТЫРУДАҒЫ СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
------------------------------------------------------- -------------------
Қатысушылар саны: 4
Берілген өтінімдер саны (барлығы/белсенді), 9 / 9
оның ішінде:
– шектелімді: 9 / 9
– нарықтық: 0 / 0
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге, 24 881,7
оның ішінде:
– шектелімді: 24 881,7
– нарықтық: 0,0
Сұранымға өтінім: 47,9 %
Берілген өтінімдер бойынша "таза" баға,номиналдан % (барлығы / белсенді):
– минималды 86,3058
– максималды 87,0281
– орташа сараланған 86,6213
Берілген өтінімдер бойынша кірістілік, жылдық % (барлығы / белсенді):
– минималды 15,5000
– максималды 16,5000
– орташа сараланған 16,0611
---------------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа
қатысушылар жоймаған, соның ішінде Растау жүйесінің қатысушылары
растаған өтінімдер.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне 74,5 %, басқа
институционалдық инвесторлардың үлесіне – 1,2 %, басқа заңды
тұлғалардың үлесіне – 24,3 % тиесілі болды.
ҚОСЫМША ОРНАЛАСТЫРУДАҒЫ СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
-------------------------------------------------------- ------------------
Қатысушылар саны: 3
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді): 3 / 3
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге: 12 166,5
Ұсынымға сұраным: 35,1 %
---------------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа
қатысушылар жоймаған, соның ішінде Растау жүйесінің қатысушылары
растаған өтінімдер.
Белсенді өтінімдердің түгел көлемі институционалдық инвесторлардың
үлесіне тиесілі болды.
ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:
-------------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, облигациялар: 392 632 507
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге: 34 027 531 422,2
Қанағаттандырылған өтінімдер саны: 11
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны: 7
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, жоспардан %: 65,4
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, сұранымнан %: 91,8
Қанағаттандырылған өтінімдердегі "таза" баға, номиналдан %:
– минималды 86,4852
– максималды 87,0281
– орташа сараланған 86,6651
Сатып алушы үшін өтеуге облигациялардың кірістілігі,жылдық %:
– минималды 15,5000
– максималды 16,2500
– орташа сараланған 16,0003
-------------------------------------------------------------------
Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастыру кезінде жалпы
көлемнің 54,5 % – банктер, 36,6 % – басқа институционалдық инвесторлар,
8,9 % – басқа заңды тұлғалар сатып алды.
Бұрын жүргізілген орналастыруды ескере отырып, МЕККАМ KZK100000423
(MKM012_0161) толық көлемі номиналды құны 41 506 620 100 теңге
сомасына 41 506 620 облигацияны құрады.
Осы орналастыру бойынша есептесулер Т+2 сызбасы бойынша жүзеге
асырылады. Бүгінгі аукционда сатылған МЕКАМ мәмілелер бойынша
міндеттемелер орындалған күннен кейінгі келесі жұмыс күні кестеде
көрсетілген сауда-саттық кодымен KASE қайталама нарығында айналысқа
жіберілетін болады. Бұл ретте облигациялар KASE сауда-саттық жүйесінде
таза бағамен белгіленуі тиіс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін
шығару, орналастыру, айналысқа шығару, оларға қызмет көрсету және өтеу
ережелері
http://kase.kz/files/mix/newgko.pdf сілтемесі бойынша жарияланған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін
орналастыру ережелері
http://kase.kz/files/normative_base/mekam_placement.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат ссылке
https://kase.kz/ru/investors/gsecs/MKM012_0161 сілтемесі бойынша
жарияланған.
[2025-05-27]