22 тамыздан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "Teniz Capital Investment Banking" АҚ KZ1C00000256 (IFDR) жай акцияларының сауда-саттық коды өзгертіледі
28.05.25 14:00
/KASE, 28.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
22 тамызынан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында
"Teniz Capital Investment Banking" АҚ (Алматы) KZ1C00000256 (KASE
баламалы алаңы, "акциялар" секторы) жай акцияларының сауда-саттық
коды IFDR-ден TCIB-ге өзгертілетіні туралы хабарлайды.
Осыған байланысты 2025 жылдың 21 тамызынан бастап аталған
акциялармен сауда-саттық тоқтатылады.
Өзгеріс эмитенттің бастамасы бойынша жүзеге асырылды.
[2025-05-28]