/KASE, 29.05.25/ – 2025 жылдың 02 маусымынан бастап KZGB_CPm1m
және KZGB_DPm1m индекстерін есептеу үшін өкілдік тізім 60 атаудағы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарынан (МБҚ)
тұратын болады (тізімнен – MOM036_0092, KZK200000703алынып
тасталды; тізімге – MUM156_0008, KZKD00001293 енгізілді).
Қазақстан қор биржасы (KASE) Қор нарығының индекстері мен
индикаторларын есептеу әдістемесіне сәйкес мынадай индекстерді
есептейді және жариялайды:
1) KZGB_CPm1m (more than one month) – өтеу мерзімі 31 күннен және
одан жоғары, сатып алынған және төленбеген купондық сыйақыны
есепке алмағанда бағалар бойынша есептелетін МБҚ-ның "таза"
бағаларының баға индексі;
2) KZGB_DPm1m – өтеу мерзімі 31 күннен асатын, МБҚ жиынтық
табысының баға индексі (есептелген, төленген купондық төлемді
ескере отырып);
3) KZGB_Ym1m – кірістілік көрсеткіші, жылдық пайызбен;
4) индекстің дюрациясы, жылдармен;
5) индекстің түрлендірілген дюрациясы.
Көрсетілген индекстерді есептеу үшін 2025 жылдың маусымына арналған
өкілдік тізім МБҚ параметрлері бойынша 2025 жылдың 28 мамырындағы
кешке (осы тізім күшіне енген күнге дейін үш жұмыс күні бұрын)
қалыптастырылды.
Өкілдік тізім 2025 жылдың 02 маусымында бетте жарияланады
https://kase.kz/ru/stock_market/ (KZGB_CPm1m немесе KZGB_DPm1m
бөлімі).
[2025-05-29]