/KASE, 29.05.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің
2025 жылдың 28 мамырындағы шешімімен Бағалы қағаздарды "Листингтік емес
бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберу жібері" (Ережелер) атты KASE
ішкі құжаты жаңа редакцияда бекітіліп, 2025 жылдың 29 мамырынан бастап
қолданысқа енгізіледі.
Ережелердің жаңа редакциясы құжат мәтінін өзектендіру мақсатында әзірленді
және мыналарды көздейді:
- рұқсаттама бастамашысы-брокерге бағалы қағаздар айналысы кезінде
эмитент қызметінің үздіксіздігіне мониторингті жүзеге асыру және
KASE-ге қажетті ақпаратты ұсыну қосымша міндетін жүктеу;
- оған енгізілген барлық өзгертулерді және/немесе толықтыруларды
ескере отырып, бағалы қағаздар шығарылым аңдатпасын міндетті
түрде беру (бұрын бұл талап ұсынымдық сипатта болған);
- "Листингтік емес бағалы қағаздар" секторындағы, оның ішінде
рұқсаттама бастамашысының немесе бағалы қағаздар эмитентінің
және/немесе оның қатысушыларының/акционерлерінің, лауазымды
тұлғаларының, сондай-ақ санкциялық тізімдерде түпкілікті
бенефициарлардың болуына байланысты қандай да бір бағалы
қағаздарды алып тастау туралы мәселені шығару үшін негіздер
толықтырылды.
Бұдан басқа, Ережелерде редакциялық және нақтылаушы түзетулер енгізілді.
2025 жылдың 29 мамырынан бастап Ережелердің алдыңғы редакцияда күші
жойылды деп танылды.
Ережелердің жаңа редакциясы мына сілтеме бойынша KASE интернет-ресурсында
жарияланады
https://kase.kz/ru/information/rules ("Листинг" – "Бағалы
қағаздарды айналымға рұқсат ету" қалташасы).
[2025-05-29]