Қазақстан қор биржасы 2025 жылдың 29 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлайды
29.05.25 12:46
/KASE, 29.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (бұдан әрі – Биржа) 2025 жылдың
29 мамырында Биржа акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткенін
хабарлайды, онда мынадай шешімдер қабылданды:
1. Биржа акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу үшін Есеп
комиссиясының сандық құрамы – үш адам, есеп комиссиясының
өкілеттік мерзімі – осы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл
айқындалсын, есеп комиссиясының мүшелерін сайлау.
2. Биржаның 2024 жылдағы қызметі туралы есеп назарға алынсын.
3. Биржаның 2024 жылдағы тұрақты дамуы туралы есепті назарға алынсын.
4. Биржаның дивидендтік саясатына № 2 өзгертулер бекітілсін.
5. Тәуелсіз аудитордың есебімен Биржаның 2024 жылға жеке және
шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін.
6. Биржаның 2024 жылдағы таза кірісі (пайдасы) 15 449 871 мың теңге
мөлшерінде былайша бөлінсін:
4 634 961 мың теңге (30 %) Биржа акционерлеріне дивидендтер төлеуге
жіберілсін,
10 814 910 мың теңге (70 %) Биржаның және "KASE Клиринг
орталығы" АҚ резервтік қорларын дамытуға және қалыптастыруға
бағытталсын.
Биржаның бір жай акциясына шаққандағы дивиденді – 4 310,67 тенге
мөлшерінде анықталсын.
7. Биржаның 2025 жыла жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу
мақсатында Биржаның аудиторлық ұйымы болып "Эрнст энд Янг" ЖШС
белгіленсін.
8. Биржаның Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелерінің
2024 жылға сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға
алынсын.
9. 2024 жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша Биржаның Директорлар
кеңесінің мүшелеріне жылдық сыйлықақы төленсін.
10. Биржаның Директорлар кеңесінің сандық құрамы анықталсын –
11 адам, оның ішінде:
Директорлар кеңесінің сайланбайтын үш мүшесі (Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу және дамыту жөніндегі уәкілетті органның
өкілі, "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 84 бабының 4 тармағы негізінде Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің өкілі және Биржа Жарғысының 17 бабы 3 тармағының
2) тармақшасы негізінде Биржа Басқармасының төрағасы (лауазымы
бойынша);
Биржа акционерлерінің үш өкілі;
Биржаның бес тәуелсіз директоры.
11. Биржаның тәуелсіз директорлары – Директорлар Кеңесінің екі мүшесі:
Пірматов Бекжан Олжайұлы, Сароян Константин Рафаэлович сайлансын.
12. Биржаның корпоративтік басқару кодексі жаңа редакцияда бекітілсін.
13. Биржа жарғысына № 8 өзгертулер мен толықтыру бекітілсін.
14. Биржаның Директорлар кеңесі туралы қағидаға № 5 өзгертулер мен
толықтырулар бекітілсін.
15. 2024 жылы акционерлердің Биржаның және оның лауазымды
адамдарының қызметіне оның қызметі мәселелері бойынша
шағымдарының болмауы туралы ақпарат назарға алынсын.
[2025-05-29]