KASE акционерлері 2024 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

29.05.25 12:50
/KASE, 29.05.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) акционерлері 2025 жылдың 29 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында 2024 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады және келесі төлем тәртібін анықтады: - дивидендтерді төлеуге 4 634 961 мың теңге немесе Биржаның 2024 жылдағы таза пайдасы мөлшерінің 30 %-ы жіберілсін; - KASE бір жай акциясына (KZ1C00001213) дивиденд мөлшерін 4 310,67 тенге көлемінде анықталсын; - дивидендтер төлеудің басталу күні – 2025 жылдың 10 маусымы; - 2024 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд алуға құқығы бар Биржа акционерлерінің тізімі 2025 жылдың 09 маусымында Алматы уақытымен сағат 00: 00-дегі жағдай бойынша тіркелсін; - биржа акционерлеріне дивидендтерді банктік шоттарына аудару арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда төлеу; - дивидендтер төлеушінің атауы, орналасқан жері, банктік және өзге де деректемелері: "Қазақстан қор биржасы" АҚ, Алматы қ., Байзақов к-сі, 280, "Almaty Towers" КФК Солтүстік мұнарасы, ЖСН 600200049149, БСН 931240000220, банктік шот KZ679491100000342657 "Altyn Bank" АҚ-да, БИК ATYNKZKA, Кбе 15. [2025-05-29]