30 мамырдан бастап "Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00013659 (MFMOb22) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады

29.05.25 15:19
/KASE, 29.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 30 мамырынан бастап "Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00013659 облигациялары (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFMOb22; $100, $2,0 млн; 23.05.25 – 23.05.26; ай сайынғы купон, жылдық 12,00%; 30/360) "таза" бағамен сауда- саттық тәртіптемесіне ауыстырылады. KASE сауда жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. [2025-05-29]