/KASE, 29.05.25/ – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (KASE тикері –
FRMP) қоғамның жалғыз акционерінің 2025 жылдың 21 мамырындағы
шешімдері туралы хабарлады.
Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады:
- қоғамның 2024 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін;
- қоғамның 2024 жылдағы 26 914 300 887 теңге мөлшеріндегі таза табысын
бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
- 18 840 014 023,28 теңге қоғамның жалғыз акционеріне дивидендтер
төлеуге жіберілсін;
- 8 074 286 863,72 теңге қоғамның иелігінде қалдырылсын.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/FRMP/frmp_decision_sole_210525_1924.pdf
[2025-05-29]