KASE 2025 ЖЫЛДЫҢ МАУСЫМ АЙЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТІЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

30.05.25 11:36
/KASE, 30.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-ге айналымға жіберілгендер қатарынан 2025 жылдың маусым айына арналған инвестициялық қорлардың акцияларының, депозитарлық қолхаттарының және бағалы қағаздарының бірінші, екінші және үшінші өтімділік кластарының тізімдерін (бұдан әрі – бағалы қағаздардың тізімдері) қалыптастырды. Бағалы қағаздардың тізімдері Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2025 жылдың 23 мамырындағы шешімімен бекітілді және ондағы бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды. 2025 жылдың 01-30 маусымы аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздар тізіміне 75 атаудағы бағалы қағаздар енгізілген. 2025 жылдың мамырында құрылған өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді 1) Invesco Water Resources ETF US46137V1420 ETF ("KASE Global"секторы, PHO_KZ); 2) "Teniz Capital Investment Banking" АҚ KZ1C00000256 жай акциялары (KASE баламалы алаңы, "акциялар" секторы); 3) "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ басқаруындағы "WARDAT al hayat" интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) Kzpf00000900 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, BCCIwah) -; 4) Johnson & Johnson US4781601046 жай акциялары ("KASE Global"секторы, JNJ_KZ); 5) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" ИИПҚ KZPF00000132 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIag) 2025 жылдың маусым айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2025_jun.pdf 2025 жылдың мамыр айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2025_may.pdf Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланды http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf [2025-05-30]