/KASE, 30.05.25/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) былай деп
хабарлады:
дәйексөздің басы
"Эйр Астана" акционерлiк қоғамы ("Компания" және оның еншілес кәсіпорны
FlyArystan-мен бірге "Топ"), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық
Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, 2025 жылғы
29 мамырда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында келесі
шешімдер қабылданғанын хабарлайды:
1. 2024 жылғы 31 желтоқсанға аяқталған жыл үшін "Эйр Астана" АҚ
аудиттелген (шоғырландырылған және жеке) жылдық қаржылық есептілігі
бекітілсін.
2.1. "Эйр Астана" АҚ Директорлар кеңесінің "Эйр Астана" АҚ Дивидендтік
саясат туралы ереженің жаңа редакциясын бекіту туралы ақпарат назарға
алынсын (2025 жылғы 13 наурыздағы №260 Хаттама).
...
3.1. 050039, Алматы қ., Закарпатская көшесі, 4А мекенжайы бойынша
орналасқан, реквизиттері: IBAN KZ36 6017 1310 0001 7669, "Қазақстан
Халық Банкі" АҚ, Алматы қ., БИК HSBKKZKX, КБЕ 17, БСН 010940000162,
"Эйр Астана" АҚ-ның 2024 жылғы аудиттелген шоғырландырылған жылдық
қаржылық есептілігіне сәйкес, 2024 жылғы есептік қаржы жылы үшін,
25 522 594 000 теңге мөлшерінде, "Эйр Астана" АҚ-ның шоғырландырылған
таза табысты бөлудің келесі тәртібі бекітілсін:
- 2024 жыл үшін "Эйр Астана" АҚ акционерлеріне дивиденд төлеуге жалпы
19 100 000 000 теңге мөлшерінде сома бағытталсын, дивиденд мөлшері
келесі бөліктерден тұруы тиіс:
i. қарапайым дивидендтер ретінде 6 304 832 000 теңге; және
ii. арнайы дивидендтер ретінде 12 795 168 000 теңге;
- 422 594 000 теңге мөлшерінде бөлінбеген сома "Эйр Астана" АҚ өкімінде
қалдырылсын.
2024 жыл үшін бір жай акцияға есептелетін дивиденд мөлшері 53,7 теңге
көлемінде бекітілсін.
Дивидендтер алуға құқығы бар "Эйр Астана" АҚ акционерлерінің тізімін
бекіту күні – 2025 жылғы 24 маусымның 00 сағат 00 минутіне (Алматы
уақыты бойынша) бекітілсін.
Дивидендтерді төлеудің басталатын күн 2025 жылдың 25 маусымына
белгіленсі.
"Эйр Астана" АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу "Эйр
Астана" АҚ акционерлерінің қолданыстағы шоттарына тиесілі сомаларды
аудару жолымен, ақшасыз есеп ауырысу тәсілімен жүргізілсін.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs__300525_kz.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_300525_1.pdf
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs__300525_en.pdf
[2025-05-30]