/KASE, 30.05.25/ – "Bank RBK" Банкі" АҚ (KASE тикері – INBN)
2025 жылдың 30 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы
жиналысының шешімдері туралы хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- банктің 2024 жылға аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін;
- 27 655 147 800 теңге мөлшеріндегі таза табыстың бір бөлігі банктің жай
акциялары бойынша 2024 жылға дивидендтер төлеуге бағытталсын;
- жай акциялар бойынша дивидендтер төленгеннен кейін қалған банктің
2024 жылдағы таза табысының бір бөлігі банктің бөлінбеген пайдасының
құрамында қалдырылсын.
Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі жеті мәселе бойынша
шешімдер қабылданды.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/INBN/inbn_special_shareholders_meeting_results_300525_8198.pdf
[2025-05-30]