АҚШ Қаржы министрлігінің US912828ZT04 (US_63_2505) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
02.06.25 09:20
/KASE, 02.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
02 маусымынан бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US912828ZT04
("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US_63_2505; $ 49 724,0 млн;
31.05.20 – 31.05.25; жартыжылдық купоны, жылдық 0,250%, actual/actual)
халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты
KASE ресми тізімінен алынып тасталғаны туралы хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар"
секторына 2023 жылдың 13 маусымынан бастап енгізілді. Олармен сауда-
саттық 2023 жылдың 19 шілдесінен бастап ашылды.
[2025-06-02]