"ForteBank" АҚ KZ2C00000040 (TEBNb7) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

02.06.25 09:50
/KASE, 02.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 02 маусымынан бастап "ForteBank" АҚ (Астана) KZ2C00000040 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, TEBNb7; 0,01 теңге, 3,0 млрд теңге; 01.06.06 – 01.06.25; жартыжылдық купон, жылдық 8,00%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар 2006 жылдың 31 мамырынан бастап "А" санатындағы KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында болды. Олармен сауда-саттық 2006 жылдың 01 маусымынан бастап ашылды. [2025-06-02]