03 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында US67066G1040 (NVDA_KZ) NVIDIA Corp. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
02.06.25 12:47
/KASE, 02.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
03 маусымынан бастап есеп айырысу күні 2025 жылдың 11 маусымына
және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, орталық контрагенттің
қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүзеге асырылатын, репо
операциялары бойынша NVIDIA Corp. (АҚШ) US67066G1040 ("KASE Global"
секторы, NVDA_KZ) жай акцияларымен KASE сауда-саттық тоқтатыла
тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE-тің "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты
ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес, KASE-де
2025 жылдың 11 маусымында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілім бекітілетіні туралы ақпараттың болуына байланысты
тоқтатылды.
Аталған акциялармен KASE сауда-саттығы 2025 жылдың 13 маусымынан
бастап қайта басталады.
[2025-06-02]