/KASE, 02.06.25, 30.05.25 жаңалығын қайталау/ – 2025 жылдың 02 маусымынан
бастап Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 01 қаңтарына белгіленген
есеп айырысудың басталу күнімен акциялардың жаңа индексін – толық
кірістіліктің KASE индексін (KASE_TR индексі) жариялауды бастайды.
KASE_TR индексі KASE Индексі тізіміндегі акциялар бағасының өзгеруін
және KASE Индексі тізіміне кіретін акциялардың жиынтық дивидендтік
табысын көрсетеді. Бұл ретте, KASE_TR индексін есептеу кезінде
дивидендтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
дивидендтер алуға құқығы бар адамдар анықталатын күнге ескеріледі.
KASE_TR индексінің бастапқы мәні 2024 жылдың 31 желтоқсанындағы
Алматы қаласы уақытымен сағат 18:00-дегі жағдай бойынша
5 636,66 тармақ мөлшерінде тіркелген және Индекстер мен индикаторлар
жөніндегі комитеттің 2025 жылдың 15 сәуіріндегі шешімімен анықталған.
Бастапқы құн ретінде 2024 жылғы төртінші тоқсандағы дивидендтік кірісті
ескере отырып, 2024 жылғы 31 желтоқсандағы KASE Индексінің мәні
пайдаланылды, бұл есептеудің өзектілігі мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
KASE_TR индексін есептеу жұмыс күндері бойынша күніне бір рет жүзеге
асырылады және мына сілтеме бойынша "Индекстер" бөлімінде (Қор
нарығы – Акциялар) KASE интернет – ресурсында
https://kase.kz/ru/indexes-and-indicators/shares/kase-index немесе
жеке жаңалықтар түрінде жарияланады.
KASE_TR индексі 2025 жылдың 01 қаңтарындан бастап есепті жылдың
басынан бастап көрсетілген сілтеме бойынша қолжетімді болатын тарихи
деректерді қалыптастыру мақсатында есептелген.
Бұрын хабарланғандай, "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын
есептеу әдістемесі" KASE ішкі құжатына 2025 жылдың 02 маусымынан
бастап қолданысқа енгізілетін тиісті түзетулер енгізілген.
[2025-06-02]