03 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында "Қазақстандық электролиз зауыты" АҚ KZ2C00013753 (KASAb1) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

02.06.25 14:27
/KASE, 02.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 03 маусымынан бастап "Қазақстандық электролиз зауыты" АҚ (Павлодар) KZ2C00013753 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KASAb1; $ 1 000, $ 100,0 млн; 30.05.25-30.05.28; жартыжылдық купон, жылдық 6,50%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/investors/bonds/KASAb1 [2025-06-02]