/KASE, 02.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
30 мамырында 2025 жылдың 01 сәуірінен бастап өткізілген "Биржалық
симулятор" оқу конкурсының аяқталғаны туралы хабарлайды.
Конкурс қорытындысы бойынша сауда көлемі 824 040,4 млн теңгені құрады.
Мәмілелердің орташа тәуліктік көлемі 20 098,5 млн теңгеден асты.
Төменде конкурсты өткізу кезеңінде құралдар бөлінісінде жасалған
барлық мәмілелер бойынша ақпарат берілген:
------------------------------------
Мәмілелер Көлемі,
Сауда-саттық код саны млн теңге
---------------- --------- ---------
HSBK 5 768 216 258,3
KZTK 2 761 195 683,0
CCBN 3 309 117 614,6
KZAP 1 622 93 958,9
KSPI 1 701 60 255,0
KMGZ 1 556 31 084,3
FHJIds 768 26 168,3
KZTO 766 24 390,8
KCEL 1 022 20 592,5
ASBN 1 169 17 681,1
BAST 1 081 14 231,4
AIRA 779 3 995,5
KEGC 346 1 395,9
IE_FXBF 177 402,0
KMGD 261 328,7
---------------- --------- ---------
Барлығы 23 086 824 040,4
------------------------------------
Байқауға қатысу үшін 7 650 қатысушы тіркелді. Байқаудың жеңімпаздары
мен жүлдегерлері туралы ақпарат кейінірек хабарланады.
Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасы халқының қаржылық
сауаттылығын арттыру.
"Биржалық симулятор" жобасы туралы қосымша ақпарат мына сілтеме
бойынша қолжетімді
https://kase.kz/files/presentations/ru/KASE_Mobile_2025.pdf
[2025-06-02]