/KACC, 02.06.25/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер
жөніндегі комитетінің шешімімен 2025 жылдың 04 маусымынан бастап жартылай
қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жол берілген
қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) және жартылай
қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету
ретінде ескерілетін қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Тізім)
"Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ KZ2C00013662 (KASE
негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, JSBNb5) облигациялары енгізілетін
болады.
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу
тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf
[2025-06-02]