"Нұрбанк" АҚ 2024 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі және аудиторлық есебі жарияланды

03.06.25 10:55
/KASE, 03.06.25/ – "Нұрбанк" АҚ (KASE тикері – NRBN) 2024 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі және аудиторлық есеп жарияланды. "Grant Thornton" ЖШС есебіне сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілік 2024 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Нұрбанк" АҚ мен оның еншілес кәсіпорындарының қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін және көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша қаражаттарының шоғырландырылған қозғалысын барлық маңызды қатынастарда қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес сенімді көрсетеді. 2024 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен): ------------------------------------------------------------ 31.12.24 31.12.23 Көрсеткіш ж.б. ж.б. ------------------------------------ ----------- ----------- Жарғылық капитал 147 649 693 147 649 693 Меншікті капитал (капитал тапшылығы) 70 747 814 56 315 785 Жиынтық активтер 531 804 393 461 397 075 Жиынтық міндеттемелер 461 056 579 405 081 290 Таза пайда (таза шығын) 13 878 379 7 742 385 ROA, % 2,61 1,68 ROE, % 19,62 13,75 ------------------------------------------------------------ Қаржылық есептілік және есеп жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbnf6_2024_cons_rus.pdf [2025-06-03]