/KASE, 03.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
09 маусымында "Эмитент күні" жобасы шеңберінде акционерлер,
инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, БАҚ
өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар үшін "KEGOC" АҚ басшылығымен
кездесу өтетінін хабарлайды.
Кездесу тақырыбы "2024 жылдағы және 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы
қызмет қорытындылары".
Іс-шараның басталуы-Алматы қаласы уақытымен сағат 11:00.
Іс-шара спикерлері:
- Айгүл Әкімбаева, "KEGOC" АҚ Экономика және қаржы жөніндегі
басқарушы директоры;
- Эльвира Қонақбаева, "KEGOC" АҚ Стратегия және орнықты даму
жөніндегі басқарушы директоры;
- брокерлік компаниялардың өкілдері.
Толық ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/ru/media-center/events/705
[2025-06-03]