04 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында "Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты" АҚ KZ2C00013811 (UZPAb1) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

03.06.25 12:17
/KASE, 03.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 04 маусымынан бастап "Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты" АҚ KZ2C00013811 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, UZPAb1; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 20,25 %; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/UZPAb1 [2025-06-03]