/KASE, 03.06.25/ – "Баян Сұлу" АҚ (KASE тикері – BSUL) 2025 жылдың
30 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының
шешімдері туралы хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- қоғамның 2024 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін;
- қоғамның 2024 жылға аудиттелген шоғырландырылған жылдық
қаржылық есептілігі бекітілсін;
- 2024 жылдағы 3 473 740 мың теңге мөлшеріндегі жиынтық табыс
бөлінбесін, қоғамның жай акциялары бойынша 2024 жылға дивидендтер
есептелмесін және төленбесін.
Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі алты мәселе бойынша
шешімдер қабылданды.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/BSUL/bsul_special_shareholders_meeting_results_300525_334.pdf
[2025-06-03]