/KASE, 03.06.25/ – "Кселл" АҚ (KASE тикері – KCEL) 2025 жылдың
27 мамырында болып өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының
шешімдері туралы хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- қоғамның 2024 жылға аудиттелген жеке және шоғырландырылған
қаржылық есептері бекітілсін;
- 2024 жылдағы таза кірісті бөлмеу және оны қоғамды дамытуға бағыттау,
қоғамның жай акциялары бойынша 2024 жылға дивидендтер төлемеу.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_special_shareholders_meeting_results_270525_7049.pdf
[2025-06-03]