"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ 29 мамырда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының дауыс беру нәтижелерін хабарлады

03.06.25 17:04
/KASE, 03.06.25/ – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері – KMGZ) былай деп хабарлады: дәйексөздің басы 3 маусым 2025 жыл "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "ҚазМұнайГаз", ҚМГ немесе Компания) 2025 жылғы 29 мамырда аралас форматта (ішкі және сырттай) өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында (бұдан әрі – АЖЖЖ) дауыс беру қорытындысын жариялайды. ... 2024 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлеу туралы Акционерлер Компанияның дивидендтік саясатын, Директорлар кеңесінің ұсынымын басшылыққа ала отырып, 2024 жылғы аудиттен өткен қаржылық көрсеткіштер негізінде компанияның 2024 жылғы пайдасынан төленетін, ҚазМұнайГаздың бір жай акциясына шаққанда дивиденд мөлшерін 491,71 теңге (төрт жүз тоқсан бір теңге жетпіс бір тиын) көлемінде бекітті. Осылайша, жалпы дивиденд сомасы 300 001 855 903,03 теңгені (үш жүз миллиард бір миллион сегіз жүз елу бес мың тоғыз жүз үш теңге үш тиынды) құрайды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд акционерлер тізілімінде 2025 жылы 30 мамырда жергілікті уақыт бойынша 00 сағат 00 минутта (GMT +5) тіркелген тұлғаларға 2025 жылғы 24 маусымнан бастап төленеді. дәйексөздің соңы Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_030625_kz.pdf Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_030625_1.pdf Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_030625_en.pdf [2025-06-03]