"KMF (ҚМФ)" Микроқаржы ұйымы" АҚ акционерлері жай акциялар бойынша 2024 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

04.06.25 10:35
/KASE, 04.06.25/ – "KMF (ҚМФ)" Микроқаржы ұйымы" АҚ (KASE тикері – MFKM) 2025 жылдың 28 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады. Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - қоғамның 2024 жылға аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін; - дивидендтер төленбейді, 2024 жылдағы таза кіріс бөлінбеген таза пайда шотында қалады. Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі тоғыз мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/MFKM/mfkm_special_shareholders_meeting_results_280525_1089.pdf [2025-06-04]