/KASE, 04.06.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2025 жылдың 02 маусымында "Birinshi Lombard" ЖШС
(Алматы) KZ2P00013139 (MFBLb5; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 3 жыл;
тоқсандық купон, жылдық 21,00 %; 30/360) облигацияларының баламалы
алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы
шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 04 маусымынан бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару 2025 жылдың 14 қаңтарында 10,0 млрд
теңге сомасына тіркелген "Birinchi Lombard" ЖШС екінші облигациялық
бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады.
"Birinchi Lombard" ЖШС қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Банк
ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып
табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратмына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFBLb5
[2025-06-04]