05 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында Meta Platforms, Inc. US30303M1027 (META_KZ) жай акцияларының сауда-саттығы тоқтатыла тұрады

04.06.25 14:09
/KASE, 04.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 05 маусымынан бастап есеп айырысу күні 2025 жылдың 16 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдеріндегі репо операциялары бойынша Meta Platforms, Inc (АҚШ) US30303M1027 ("KASE Global" секторы, META_KZ) жай акцияларымен Kase-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 16 маусымында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 18 маусымынан бастап қайта басталады. [2025-06-04]