KASE өзінің интернет-ресурсында Freedom Holding Corp ұсынған мамыр айындағы Қазақстанның қызмет көрсету саласының PMI шолуын жариялады

04.06.25 16:36
/KASE, 04.06.25/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 2025 жылдың мамыр айындағы Қазақстанның қызмет көрсету саласының іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды. Төменде Freedom Finance Global PLC (Freedom Holding Corp. 100 % еншілес компаниясы) Қаржылық талдау департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімовтың пікірі келтірілген. "Қызмет көрсету секторында белсенділіктің артуына негізінен ішкі сұраныстағы тұрақтылық пен жаңа келісімшарттардың атқарылуы ықпал етті. Сөйте тұра, экономикада белгісіздік ұлғайғанын атап өту маңызды — ол ең алдымен салықтық реформа түрткі болды. Валюта бағамының құбылуы мен инфляциялық қысымның қолайсыз әсерінен операциялық шығындардың күрт өсуі жалғасты. Мұның бәрі бизнестегі жалпы көңіл-күй мен алдағы жылға деген үмітіне әсер еткені сөзсіз. Осындай жағдайда компаниялар ресурстарды орнымен жұмсау және қазіргі қалыптасқан жағдайдағы аз ғана тұрақты басымдықтардың бірі — клиенттер базасын кеңейтуге баса көңіл бөліп отыр." Қазақ тіліндегі шолу – https://kase.kz/uploads/KZ_Services_KAZ_2505_PR_a11cafadbb.pdf Орыс тіліндегі шолу – https://kase.kz/uploads/KZ_Services_RUS_2505_PR_6e3649df73.pdf Ағылшын тіліндегі шолу – https://kase.kz/uploads/KZ_Services_ENG_2505_PR_15e576a864.pdf [2025-06-04]