/KASE, 05.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
05 маусымынан бастап "RG Brands Kazakhstan" ЖШС келесі
облигацияларымен KASE-де сауда-саттық қайта басталғаны туралы
хабарлайды:
- KZ2P00007727 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, RGBKb1);
- KZ2P00009970 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, RGBKb2).
Аталған облигациялармен сауда-саттық KASE Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылдың 29 мамырында
өзгерістермен тіркеген облигациялардың шығарылым аңдатпасын алуына
байланысты қайта басталды, оған сәйкес көрсетілген облигациялар
бойынша кіріс алу және облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны
пайдаланудың нысаналы мақсаты туралы мәліметтер өзгерді.
Аталған облигациялармен сауда-саттық KASE-де 2025 жылдың
13 мамырынан бастап тоқтатылды.
Аталған облигациялардың шығарылым аңдатпалары өзгертулерімен
жарияланды –
https://kase.kz/ru/listing/issuers/RGBK
[2025-06-05]