"Фридом Финанс" АҚ жалғыз акционері қоғамның жай акциялары бойынша 2024 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

05.06.25 15:02
/KASE, 05.06.25/ – "Фридом Финанс" АҚ (KASE тикері – FFIN) жалғыз акционердің 2025 жылдың 31 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады. Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады: - қоғамның 2024 жылға аудиттелген жылдық жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілсін; - қоғамның 2024 жылдағы таза кірісі бөлінбесін; - қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді есептемеу және төлемеу және таза табысты қоғамның иелігінде одан әрі дамытуға қалдыру. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/FFIN/ffin_decision_sole_310525_2.pdf [2025-06-05]