09 маусымнан бастап "Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты" АҚ KZ2C00013811 (UZPAb1) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады
05.06.25 17:03
/KASE, 05.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 09 маусымынан
бастап "Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты" АҚ KZ2C00013811 облигациялары
(KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, UZPAb1; 1 000 теңге, 500,0 млн
теңге; 04.06.25 – 04.06.28; тоқсандық купон, жылдық 20,25%; 30/360) "таза"
бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
[2025-06-05]