/KASE, 09.06.25/ – "Jusan Mobile" АҚ (KASE тикері – KZTC) жалғыз
акционердің 2025 жылдың 30 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады.
Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады:
- қоғамның 2024 жылға аудиттелген жылдық шоғырландырылған және
жеке қаржылық есептілігі бекітілсін;
- қоғамның 2024 жылдағы таза кірісін бөлмеу және 2024 жылдың
қорытындысы бойынша қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер
төлемеу.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/KZTC/kztc_decision_sole_300525_945.pdf
[2025-06-09]