KASE Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамы өзгертілді

09.06.25 18:12
/KASE, 09.06.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) Директорлар кеңесінің 2025 жылдың 05 маусымындағы шешімімен Директорлар кеңесінің мынадай комитеттерінің құрамына өзгертулер енгізілді. Директорлар кеңесінің Бюджет және стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитетінің сандық құрамы 9-дан 11 адамға өзгертілді: - қосымша сайланды: Пірматов Б.О. және Сароян К.Р.; - шығарылды: Игсатов О.Р.; - сайланды: Вахидов Б.А. сарапшы ретінде. Директорлар кеңесінің Ішкі аудит жөніндегі комитетінің сандық құрамы 3-тен 4 адамға өзгертілді: - қосымша сайланды: Сароян К.Р. Директорлар кеңесінің Эмитенттердің аудиті жөніндегі комитетінің сандық құрамы 5-тен 6 адамға өзгертілді. - Қосымша сайланды: Пірматов Б.О. KASE Директорлар кеңесі комитеттері мен комиссияларының құрамы туралы ақпарат KASE интернет-ресурсында жарияланды – https://kase.kz/kz/about/committees-and-commissions [2025-06-09]