/KASE, 10.06.25/ – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ (KASE
тикері – TMJL) 2024 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі және
аудиторлық есеп жарияланды.
"Делойт" ЖШС есебіне сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілік
2024 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Қазақстан темір жолы"
ұлттық компаниясы" АҚ мен оның еншілес ұйымдарының
шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың
шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін және көрсетілген күні аяқталған
жылдағы ақша қаражаттарының шоғырландырылған қозғалысын барлық
маңызды қатынастарда қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына
(ҚЕХС) сенімді көрсетеді.
2024 жылдың 31 желтоқсандағы аудиттелген деректерге сәйкес
(егер өзгеше көрсетілмесе, млн теңгемен):
--------------------------------------------------------
31.12.24 31.12.23
Көрсеткіш ж.б. ж.б.
------------------------------------ --------- ---------
Жарғылық капитал 1 123 907 1 110 634
Меншікті капитал (капитал тапшылығы) 1 969 317 1 759 056
Жиынтық активтер 5 958 756 4 940 206
Жиынтық міндеттемелер 3 989 439 3 181 150
Кіріс 2 163 942 1 934 095
Жалпы пайда (жалпы шығын) 543 925 435 512
Таза пайда (таза шығын) 160 805 136 784
Жай акцияның баланстық құны, теңге 3 874 3 447
ROA, % 2,70 2,77
ROE, % 8,17 7,78
ROS % 7,43 7,07
--------------------------------------------------------
Қаржылық есептілік және есеп жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/TMJL/tmjlf6_2024_cons_rus.pdf
[2025-06-10]