KASE "KEGOC" АҚ арналған "Эмитент күнін" өткізді

10.06.25 15:31
/KASE, 10.06.25/ – 2025 жылдың 09 маусымында Қазақстан қор биржасы (KASE) "Эмитент күні" жобасы аясында "KEGOC"А Қ басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу 2024 жылдың және 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметтің операциялық және қаржылық қорытындыларына арналды. Бұдан басқа, "KEGOC" АҚ ұлттық электр желісін дамыту, стратегиясы мен перспективалары жөніндегі негізгі жобалар туралы ақпарат ұсынылды. Іс-шараға спикерлер ретінде "KEGOC" АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева және "KEGOC"А Қ Стратегия және тұрақты даму жөніндегі басқарушы директоры Эльвира Қонақбаева қатысты. Іс-шара туралы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/ru/media-center/events/705 [2025-06-10]