12 маусымнан бастап "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ XS3067899610, US05709VAA26 (BTRKe1) халықаралық облигациялары Т+ Тізіміне енгізіледі

10.06.25 17:38
/KACC, 10.06.25/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2025 жылдың 12 маусымынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жол берілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ XS3067899610, US05709VAA26 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKe1) халықаралық облигациялары енгізіледі. Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf [2025-06-10]