/KASE, 11.06.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2025 жылдың 09 маусымында "R-Finance" микроқаржы
ұйымы" ЖШС (Астана) келесі облигацияларының баламалы алаңын
"облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім
қабылдады:
- KZ2P00013998 (MFRFb18; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 2 жыл; ай сайынғы
купон облигацияларды орналастыру бойынша бірінші сауда-саттықты
өткізу қорытындылары бойынша анықталады;30/360);
- KZ2P00014004 (MFRFb19; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 3 жыл; ай сайынғы
купон облигацияларды орналастыру бойынша бірінші сауда-саттықты
өткізу қорытындылары бойынша анықталады; 30/360).
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 11 маусымынан бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
"R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС қаржылық кеңесшісі "First Heartland
Jusan Invest" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары 2024 жылдың 15 наурызда
30,0 млрд теңге сомасына тіркелген "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС
бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде алтыншы және жетінші болып
табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/listing/issuers/MFRF
[2025-06-11]