/KASE, 11.06.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингтік комиссиясы
2025 жылдың 09 маусымында "ЮНИКРЕДО" МҚҰ" ЖШС (Алматы)
KZ2P00013824 (MFUCb8; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық
купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигацияларының баламалы алаңын
"облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім
қабылдады).
Листингтік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 11 маусымынан бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару 2022 жылдың 21 қазанында 10,0 млрд
теңге сомасына тіркелген "ЮНИКРЕДО" МҚҰ" ЖШС бірінші облигациялық
бағдарламасы шегінде үшінші болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFUCb8
[2025-06-11]