/KASE, 11.06.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2025 жылдың 05 маусымында "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС
(Алматы) KZ2P00014244 (MFAFb9; $ 100, $ 3,0 млн; 360 күн; тоқсандық
купон, жылдық 12,00%, 30/360) облигацияларын баламалы алаңының
"коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу
туралы шешім қабылдады.
Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 11 маусымынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFAFb9
[2025-06-11]