/KASE, 11.06.25/ – "СевКазЭнерго" АҚ (KASE тикері – SKEN) 2024 жылға
шоғырландырылған қаржылық есептілігі және аудиторлық есеп
жарияланды.
"Делойт" ЖШС есебіне сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілік
2024 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "СевКазЭнерго" АҚ мен
оның еншілес кәсіпорындарының шоғырландырылған қаржылық жағдайын,
сондай-ақ олардың шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін және
көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша қаражаттарының
шоғырландырылған қозғалысын барлық маңызды қатынастарда
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес (ҚЕХС) сенімді
көрсетеді.
2024 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес
(егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):
------------------------------------------------------------
31.12.24 31.12.23
Көрсеткіш ж.б. ж.б.
------------------------------------ ----------- -----------
Жарғылық капитал 16 291 512 16 291 512
Меншікті капитал (капитал тапшылығы) 55 276 127 59 896 850
Жиынтық активтер 122 175 115 127 367 713
Жиынтық міндеттемелер 66 898 988 67 470 863
Кіріс 81 838 922 53 039 047
Жалпы пайда (жалпы шығын) 15 571 250 7 438 405
Таза пайда (таза шығын) 7 986 327 2 148 452
Жай акцияның баланстық құны, теңге 382,70 414,76
ROA, % 6,54 1,69
ROE, % 14,45 3,59
ROS % 9,76 4,05
------------------------------------------------------------
Қаржылық есептілік және есеп жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/SKEN/skenf6_2024_cons_rus.pdf
[2025-06-11]